2015 жылдан бастап бюджеттік сыныптама кодтарының саны 208 ден азайтылып, тек 89 код қалдыру белгіленген. Сол жөнінде ҚР ҚМ 30.09.2014 жылы №420 бұйрығы шықты.

Жергілікті жерде қолданылып жүрген жер салығы бойынша 104301,303,307,308 кодтары қысқартылып, оларға арналған салықтар 104309 кодына аударылады.  ҚҚС 105109,110 кодтары қысқартылып,  105115 кодына аударылатын болады. Бензин мен дизель жанар майы акциздері 105296,297 кодтарының орнына 105284 коды біріктірілген., осындай тағы басқа да төлемдер бойынша өзгерістер бар. Бұл өзгерістер ағымдағы жылдың 1 шілдесінен енгізілуі жоспарлануда.

ҚР Президенті өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған негізгі бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресуді айтады. Елдегі кез келген мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметкердің жұмысы адалдық, жариялылық, әділдік пен айқындылық ұстанымдарына негізделу керек. Барлық мемлекеттік органдар «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» Заңы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен олардың алғышарттарының алдын алу бойынша барлық жерде кешенді жұмыс жүргізу керек. Салық төлеушінің салық органдарымен тікелей байланысын барынша азайту салық органдарының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау әдістерінің бірі болып табылады. Бұл мақсатта бүгінгі таңда «Салықтық берешекті өтеу туралы» жасалған хабарламалар электронды-сандық қолтаңбасы бар салық төлеушілерге электронды жолмен жіберіледі. Сонымен қатар биылдан бастап лицензия беру, салық берешегі туралы анықтама алу Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алынуға қол жеткізілді.

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 18.06.2014 жылғы №210-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ қабылдануына байланысты төмендегі жағдайлар бойынша түсінік береді.

Заңның негізгі мақсаты - кейбір заңнамалық нормаларды жетілдіру, заңнама талабын күшейту, алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымын азайту арқылы алкоголь өнімін тұтыну көлемін азайту.

Заңнама бойынша түсінік берер болсақ, 2016 жылдан бастап алкоголь өнімдерінің айналымын жүзеге асыратын тұлғаларда алкоголь өнімдерінің есеп-бақылау маркаларынан ақпаратты ия есеп-бақылау маркаларының қорғау элементтерін оқитын құрал болуы міндеттелген.

Сонымен қатар 2015 жылдың 1 қаңтарынан алкоголь өнімдерін бөлшек ия көтерме саудада өткізетін тұлғалар лицензиялық алымды жыл сайын 20 қаңтарға дейін әр-бір сауда объектісі бойынша төлеуі белгіленіп, аудан көлемінде оның сомасы 30 АЕК мөлшерін құрайды. Лицензиялық алым уақытылы төленбеген жағдайда оны өндіру шаралары қолданылатын болады. Лицензиялық алымды төлемегені үшін 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген, және жаңа Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сай, бұл бұзушылыққа ескерту жазасы қаралмаған.

Ал «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сай, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуға рұқсат беретін лицензияны адалауға болады. Атап көрсеткенде, бір ғимаратқа алынған лицензияның иесін ауыстырып, басқа тұлғаның атына рәсімдеу ғимараттың квалификациялық талаптарын тексерусіз, бұрынғы тексеру құжаттарының негізінде жасалады.

Аталмыш Заңмен алкоголь өнімдерін сатуға тиым салынған орындардың да тізімі ұлғайтылған. Нақтыласа, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық  ғимараттардың, жанар май құю станцияларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының аумағында алкоголь өнімдерін сатуға рұқсат етілмеген. Бұл ретте мәдени-демалыс ұйымдарына қоғамдық  (клуб, мәдени демалыс парктер, мәдениет үйлері, халықтық шығармашылық, көркемөнерпаздық және басқа да) орталықтары жатады. Бірақ Заңнан алкоголь өнімдерін сату білім беру ұйымдарының орналасқан жерінен 100 метрден кем қашықтықта рұқсат етілмеуі туралы талап алынып тасталды.

Салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органдарымен тікелей байланысын барынша азайту мемлекеттік кірстер органдарының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау әдістерінің бірі болып табылады. Бұл мақсатта бүгінгі таңда «Салықтық берешекті өтеу туралы» жасалған хабарламалар электронды-сандық қолтаңбасы бар салық төлеушілерге электронды жолмен жіберіледі. Сонымен қатар биылдан бастап лицензия беру, салық берешегі туралы анықтама алу Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алынуға қол жеткізілді.

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Салық кодексіне ағымдағы жылдың басынан қолданысқа көптеген өзгерістер енгізілген. Біздің жергілікті пайдалануға келетін жағдайлармен таныстырып өтейін.

Шаруа қожалықтарына қатысты мынадай өзгерістер бар:

- Егер бұрын Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатындар шаруа қожалығының негізгі қызметіне жатпайтын жұмыстар(қызметтер) түрлері бойынша табыстар мен шығыстардың, мүліктің бөлек есепке алынуын қолданатын болса, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатындар бөлек есеп жүргізу құқығынан айрылған. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүргізетіндер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдануға құқысыз. Олар басқа арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей салық режиміне көшуге міндетті.

- Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдану құқығы жер көлемімен шектелген. Біздің аудан көлемінде ол жиынтығы 3500 га аспайтын жері бар қожалықтарға рұқсат етіледі, ал жер көлемі одан асып кететін қожалықтар басқа салық режиміне көшуге міндетті.

- Басқа салық режиміне ауыстырылса да, шаруа қожалықтарының көлік салығы бойынша бұрынғы қолданылған жеңілдіктер сақталады, бірақ сенімді басқаруға немесе жалға берілген көліктерге жеңілдік алынбайды.

- 2015 жылдан бастап шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатындар эмиссия үшін төленетін төлемді төлеуден босатылады.

- Егер бұрын бірыңғай жер салығының ставкасы жайылымдық және шабындық жердің бағалау құнының 0,1 пайызы мөлшерінде болса, ағымдағы жылдан бастап 0,2 пайызы мөлшерінде есептеледі.

- Ауыл шаруашылық жүргізуге алынған жерлер жер заңнамасына сай пайдаланылмаған жағдайда, оның жер салығы биылдан бастап атқарушы органдардың ұсынысы негізінде өкілетті органдардың шешімімен жер салығының базалық ставкаларынан 10 есеге дейін ұлғайтылуы мүмкін.

- Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолдану құқығы ҚҚС төлеушілеріне де берілмейді.

- Ауылшаруашылық жерлерінің жер салығының ставкалары 5 есеге өсірілді. Мысалы бұрын 1000 га жеріне жалпыға бірдей режимдегі қожалық 1680 теңге төлеген болса, биылдан бастап - 8400 теңге төлеуге тиіс.

Жеке кәсіпкерлікке қатысты тоқталсақ, бұрын жеке кәсіпкерлер қызметін тоқтатып, кәсіпкерлігін таратқан кезде, салық органына өтініш беріп, соған сай оның кәсіпкерлік қызметіне талап ету мерзімі шегінде камералдық бақылау жасалатын болса, биылдан бастап таратудың оңайлатылған тәсілі қолданады. Оның тиімділігі - егер кәсіпкердің салық міндеттемелері орындалған болса - салық органы оны 3 күннің ішінде есептен шығарады. Таратудың оңайлатылған тәсілін қолдануға қызметтің жекелеген түрлерімен айналысатындар (жанар май, алкоголь сататын), бірлескен кәсіпкерлік, ҚҚС төлеушілері, тексеру жоспарына енгізілгендер, берешегі бар кәсіпкерлер жатпайды.

Сонымен қатар,  патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және патенттiң қолданылу мерзiмi өткен немесе қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген;

- салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген салық есептілігін табыс ету мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салық есептілігін табыс етпеген дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады. Бұл жерде айтып кететін жай- кәсіпкерлік тоқтатылғанмен, уақытылы патент алуға, жұмысын тоқтата тұруға өтініш берілмегені үшін жауаптылық сақталады.

Елдегі кез келген мемлекеттік орган мен мемлекеттік қызметкердің жұмысы адалдық, жариялылық, әділдік пен айқындылық ұстанымдарына негізделу керек. Барлық мемлекеттік органдар «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» Заңы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен олардың алғышарттарының алдын алу бойынша барлық жерде кешенді жұмыс жүргізу керек. Салық төлеушінің салық органдарымен тікелей байланысын барынша азайту салық органдарының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау әдістерінің бірі болып табылады. Бұл мақсатта биылдан бастап лицензия беру, салық берешегі туралы анықтама алу Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алынуға қол жеткізілді. Сонымен қатар әр-түрлі хабарламалар салық төлеушілерге «Салық төлеушінің кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы жеткізіліп отыр. Егер сіз мемлекеттік кірстер органының қызметшілері тарапынан сыбайластық әрекеттерін немесе әрекетсіздік көрсеңіз Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірстер басқармасына сенім телефоны, арыз-шағым, ұсыныс-пікір жәшіктері арқылы жеткізуге болады. Ондай бұзушылықтар бойынша тиісінше тексеру жүргізіліп, шарасы алынады. Сыбайлас жемқорлықпен күресте бірыңғай құқықтық амалдардың тиімділігі жеткіліксіз. Осы күресті күшейтудің кейбір саяси және әлеуметтік амалдарының бірі - жариялылық. Жариялылықтың мүмкіндіктерін пайдаланып, осы күрес барысымен халықты тұрақты хабардар ету, заңның негізгі тұжырымдарын насихаттап, осы қылмыстың қоғамға келтірер кері әсерін аша түскен жөн. Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы жемқорлық қылмыстың көп болатын аймағын анықтау, оны тудыратын себептер мен жағдайларды барынша анықтау, оның алдын-алу - маңызды мәселе.

Мемлекеттік органның тарапынан жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесін арттыру, заңдылықтардың мүлтіксіз сақталуы мен заң талаптары түсіндіру бойынша мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ

 

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы                      С.Жадраев

Бөкейордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 

« Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2014 жылға табыс және мүлік салығы туралы декларацияны (Н-230.00) және қосымшаларды 2015 жылдың 31  наурызынан кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша Салық органына табыс ету кезектігі жөнінде еске салады.

Декларация салық органдарында  қағаз жүзінде: келу тәртібімен, хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және электронды түрде өз таңдаулары бойынша тапсырылады.

Декларацияларды тапсырудың ең тиімді түрлерінің бірі электронды түрдеwww.salyk.kz  сайтында виртуальды жеке «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы тапсыру болып табылады. Интернет  болмаған жағдайда, салық органы мекемесінде «Салық төлеуші терминалы» компьютерін қолдануға болады.Сондай-ақ декларацияны электронды тапсырған жағдайда мемлекеттік қызметкерлер төмендегі артықшылыққа ие болады;

- интернет болған жағдайда декларацияны тапсыру, салық есептілігін қарау және декларацияны тапсырғаны  жөнінде анықтама қағазын өзіне ынғайлы орында алу  мүмкіндігіне;

- тұрғылықты жері бойынша салық органына келіп жұмыс уақытын шығындаудан арылтады.

Декларацияны электронды табыс ету үшін, тұрғылықты жері бойынша салық органынан электрондық криптографикалық кілт алып, тегін түрде  және интернетке жалғанған әрбір компьютерден сайтта көрсетілген ережелерге сәйкес декларацияны толтырып жіберу қажет.

Электронды  сандық қолтанбасы ( ЭСҚ) бар қызметкерлер, қолдану мерзімін тексеріп егер уақыты аяқталып қалған жағдайда ЭСҚ-ны ауыстыру қажет екендігін қатеріңізге саламыз.

 

 

Бөкейордасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпаратты

қабылдау және өңдеу орталығы»

 

бөлімінің басшысы                                                                      А Өтешқалиева