Қазақстан Республикасында қолданыста жүрген банкроттық туралы соңғы заңның күшіне енгеніне де сегіз жылдай уақыт болыпты. Әрине бұл уақыт оның жағымды (күшті) және осал (әлсіз) тұстарына баға беруге, тәжірибеде қолдану кезінде байқалған ол қылықтарын атауға мүмкіндік беретін жеткілікті мерзім.

Банкроттық институты ең алғаш орта ғасырларда сауда құқығы инсттуты ретінде пайда болып дами бастады. Ол сол замаңғы тауар-ақша қатынастарының қарқындалуымен тікелей байланысты болды. Бұл институттың субъектілері - саудамен айналысатын жеке тұлғалар болған. Ал жеке кәсіпкерлерді олардың бірлестіктері - сауда серіктестіктері алмастырған кезде, арнайы заңның күші сауда құқығындағы заңды тұлғаларға да таратыла бастады.

- Салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтемеген жағдайда, салық берешегінің сомалары салық кодексінің 614-бабында алдын ала қарастырылған барлық шараларды қолданғаннан кейін, салық органы Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 21 қаңтарындағы «Банкроттық туралы» заңға (әрі қарай Банкроттық туралы заң) сәйкес оны банкрот деп тану жөніндегі шараларды қолдануға құқылы.

Құрметті салық төлеушілер – жеке тұлғалар, ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей, Сізге міндетті түрде мүлік салығы мен жер салығын салық салу нысанының орналасқан жері бойынша төлеу қажет. Жергілікті салықтың хабараламасы мен толтырылған түбіртекті Сіз орналасқан ауылдық округ әкімшілігінен алуға болады.

Бокей ордасы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды:

Қазан айының 1 күнінен бастап жеке тұлғалардың мүлік салығын және жер салығын төлеу мерзімі аяқталады. Уақытында төленбеген салық мөлшеріне қайта қаржыландыру ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде айыппұл есептелінеді.

Салық уақытылы төлеу әрбір азаматтың конституциялық міндеті болып табылады.

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

Мүлікті жария ету 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Жария етуге ақша, құнды қағаздар, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы қатысу үлесі, жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін Қазақстанның аумағындағы ғимараттар, сонымен қатар республиканың аумағынан тыс жылжымайтын мүліктер жатады. Жария ету сұрақтары бойынша аудандық әкімшілік пен мемлекеттік кірістер басқармасына және мына телефон нөмірлеріне 8 (71140) 21105; 8 (71140) 21601 және 8 (871140) 21686 хабарласуыңызға немесе Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі 31 үй немесе Ы.Бергалиева көшесі 1 үйге жолығуыңызға болады. 

Бөкей ордасы ауданы бойынша  Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды:

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңының (Салық кодексі) 369-бабының 3-тармағына сай, жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмей төленетіндегін қаперлеріңізге береді. Сондықтан да, 2015 жыл үшін салық салу мерзімінің соңына таяп қалғандықтан, көлік құралдарының салығын төлеуді уақытынан кешігіп қалмауға шақырады және жоғарыда аталған мерзімнен кешіккен жағдайда өсімпұл қосылатындығын ескертеді.

Салықты төлеу салық салу обьектісінің тіркелген орны бойынша жүргізіледі.