28.04.2018 ж.

2017 жылы Бөкей ордасы ауданы жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 16154 қызмет көрсетілген, соның: 4429-ы немесе 27,4%  мемлекеттік органмен тікелей қағаз түрінде, 10047-і (62,2%) электрондық нысанда, 1678-і (10,4%)  Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылған.

Қызмет көрсету сапасына қатысты  шағымдар түскен жоқ, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылуының 1 фактісі орын алды.

Орда ауылдық округі әкімінің аппаратына 08.09.2017 ж. күні ХҚКО арқылы келген 1 (бір) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметі (1-кезең) 5 күнге кешіктіріліп көрсетілген. Бұл орындаушы жауапты маманның уақытылы өңдеу жасамағандығынан болғаны анықталды (ХҚКО-нан келген құжаттар 18.09.2017 ж. күні қаралып, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне жолданған). Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің мерзімінің бұзылуына жол берген үшін жауапты маманға тәртіптік жаза қолданылды.

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының 2017 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бақылау бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес 4 мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізілді.

Бөкей ордасы ауданы жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібін қызмет алушыларға түсіндіру мақсатында 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 21 семинар-кеңес, 6 «дөңгелек үстел» өткізіліп, оларға 786 адам қатысты.

Бұған қоса көрсетілетін қызметті алу кезінде сыбайлас жемқорлықты алдын-алу тақырыбында 2 «дөңгелек үстел», 2 «Ашық есік күні» акциялары өткізіліп, оларға 61 адам қатысты.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен дайындалған «Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде менің құқықтарым» атты буклет 2500 адамға таратылды.

2017 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас дағдылары» тақырыбында біліктілігін арттыру курстарында 9 маман оқытылды.

Барлық қызмет беруші жергілікті атқарушы органдары ғимараттарының дәліздерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары халық назарына көрнекі тақталарға ілінген. Сонымен қатар Бөкей ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында (www.bokeyorda-bko.gov.kz) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «Орда жұлдызы» газеті редакциясымен келісе отырып, қызмет көрсететін мекемелердің газетке мақала беру кестесі бекітілді.

2017 жылы 11 мақала жарияланды.