Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бағыты бойынша қызметтерді қолжетімді ету мақсатында Жұмыспен қамту бөлімінің мамандары азаматтарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде қабылдайды.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығының Орал қаласы бойынша № 1 және № 2 бөлімдеріне «Жұмыс іздеуші тұлғаларды тіркеу», «Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды жұмыссыз ретінде тіркеу», «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру», «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдамалар беру» қызметтері көрсетілуде.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Марат Бассаровтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қажеттілігінің туындауына байланысты жұмыспен қамту орталығы мамандарына арнайы жұмыс орындары бөлінген.    «Қазіргі таңда қоғамдық қолжетімділік пункттері мен Электрондық Үкімет порталы арқылы азаматтардың әлеуметтік статусын анықтауға болатын функционал жүзеге асырылды. Ендігі уақытта мемлекеттік корпорацияның қызмет алушылары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысу үшін «Әлеуметтік статус тағайындау» ақпараттық жүйесін қолдана алады.

Жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік корпорацияның Орал қаласы, Жамбыл көшесі 81 және Құрманғазы көшесі 173 мекенжайлары бойынша орналасқан фронт-офистерінде азаматтарды қабылдайтынын естеріңізге саламыз. Жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі күндерін қоспағанда күнделікті сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

 

«Азаматтарғар арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акицонерлік қоғамының

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы -

«Халыққа қызмет көрсету орталығы»

департаменті