Мансап пен міндет

Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың: а) кепілдік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру; ә) нөмірлік тіркеу белгілерін бере отырып тіркеу, қайта тіркеу; б) жүргізу құқығына куәліктер беру; в) сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу; г) ауыртпалығы бар-жоғы туралы ақпарат ұсыну; ғ) жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу сынды мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы №171, БҚО әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы №164 қаулыларымен аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне жүктелген. Бүгін біз осы қызметтердің бірі - мемлекеттік техникалық байқау шарасы туралы сөз етпекпіз.

Машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу - техниканың жай-күйін бағалау, санын, кімге тиістілігін, тағы басқа деректерді нақтылау, жарамсыз техниканы пайдаланушылар мен қауіпсіздік қағидаларын сақтамаушыларды, қоршаған ортаға экологиялық зиян келтірушілерді анықтау мақсатында жүргізіледі. Ол меншігінде техникасы бар азаматтар үшін, оларда қандай меншік нысанында болуына қарамастан міндетті. Алайда, кейбір округ тұрғындары арасында «Салық төлемеп едім», «Салықтан босатылғандығы жөнінде анықтамам қолыма тимей жатыр», «Техпаспортты» немесе «нөмерді айырбастаған жоқпын» деп сан түрлі сылтау айтып, техникаларын дер кезінде мембайқауға әкелмейтіндер бар. Соның салдарынан былтыр аудан бойынша жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі әр түрлі маркалы 610 трактор мен 253 тіркемеден байқаудан 87 трактор мен 37 тіркеме ғана өтті. Мембайқаудан өтпеген техника шаруашылық жұмыстарға қостырылмайды. Биыл заң қатайды. Ереже бұзғандар қатаң жазаланатын болады.

Заңды тұлғалар машиналарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізерде мына құжаттарды қоса ұсынуы тиіс:

1)   еркін нысандағы өтініш;

2)   маркасын және моделін, шығарылған жылын, машинаның және қозғалтқыштың зауыттық нөмірін, мемлекеттік нөмірлік белгінің сериясын және нөмірін көрсете отырып, теңгерімде тұрған машиналар тізімі;

3)   машинаны тіркеу құжаттары (техникалық паспорт);

4)   заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған машинаны мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу актісі;

5)   көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат не көлік құралдарының салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.

Жеке тұлғалар машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге мыналарды ұсынады:

1)  еркін нысандағы өтініш;

2)   азаматтың жеке басын куәландыратын құжат;

3)   адамның мүддесін білдіруге азаматтың өкілеттілігін куәландыратын сенімхат;

4)   машинаны тіркеу құжаттары (техникалық паспорт);

5)   көлік құралдарына салық төленгенін растайтын құжат не көлік құралдарының салық төлеуден босатылғанын растайтын құжат.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі стандарт бойынша қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Жеке және заңды тұлғалар өздерінің иелігіндегі машиналардың техникалық жәй-күйін байқаудан өткізу үшін төмендегі кестеге сәйкес белгіленген жерге әкелуі қажет.

 

Ауылдық округ атауы

Байқау жүргізу уақыты

Техникалық байқау өткізілетін орын (елді мекен)

1

Орда

28.04.2015 ж.

Хан ордасы ауылы

2

Бисен

29.04.2015 ж.

Бисен ауылы

3

Мұратсай

30.04.2015 ж.

Мұратсай ауылы

4

Т.Масин

13.05.2015 ж.

Бөрлі ауылы

5

Саралжын

14.05.2015 ж.

Саралжын ауылы

6

Ұялы

15.05.2015 ж.

Ұялы ауылы

7

Сайқын

18.05.2015 ж.

Сайқын ауылы

 

Т.ӘБДІРЕШЕВ,

аудандық ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімінің

бас маман инженер-инспекторы.