Мансап пен міндет

Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 27 ақпандағы №41 қаулысына сай құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аудандық ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында қазіргі таңда штаттық кестеге сай 52 адам қызмет істеп, ауыл шаруашылық және үй жануарларын аурудан қорғаудың алдын алу жұмыстарымен айналысуда, яғни, қан алу арқылы сарып ауруының бар-жоғын анықтаса, құтыру, пастереллез, сібір жарасы, оба, қарасан, туберкулез ауруларына қарсы егуді жүзеге асырады. Сонымен қатар кәсіпорын мал иелеріне ветеринариялық анықтама (тірі малға, мал өнімдеріне, ет, сүт, тері және жүнге) береді. Талап еткендерге оны аудандық ветеринариялық станцияның округ орталықтарындағы учаскелік ветеринариялық дәрігері ұсынады. Анықтама алу үшін мал иесінің қолында жеке куәлігі, жануардың ветеринариялық паспорты (ветпаспортта жануардың егілгені, қан алынғаны және сырға нөмірі жөнінде ақпарат болады), ветеринариялық анықтама бланкі құнын төлегенін растайтын құжат болуы тиіс. Егер аталған құжаттардың біреуі жоқ болса және жануар, жануардан алынатын өнім, шикізат қолайсыз аймақтан тасымалданған жағдайда, жұқпалы сипаттағы ауру анықталғанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының сәйкессіздігі анықталса ветеринариялық анықтама берілмейді. Анықтаманы демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін (13:00-14:30 түскі үзіліс) кезек күту тәртібімен аласыздар. Округтердегі ветеринариялық учаскелер Бисен ауылында Ш.Еспанов көшесі, №22 үй (тел.: 8 711 40 50059), Мұратсай ауылында Т.Әубәкіров көшесі, №11 үй (тел.: 8 711 40 23540), Хан ордасы ауылында М.Мәметова көшесі, №15 үй (тел.: 8 711 40 50301), Сайқын ауылында Қ.Сағырбаев көшесі, №1 үй (тел.: 8 711 40 21834), Саралжын ауылында Құрманғазы көшесі, №30 үй (тел.: 8 711 40 53199), Бөрлі ауылында Б.Ғұбашев көшесі, №2 үй (тел.: 8 711 40 33221), Ұялы ауылында Ленин көшесі, №10 үйде (тел.: 8 711 40 44247) орналасқан.

Жаннұр БАТЫРХАНОВ,

 

кәсіпорын директоры.