Маман түсіндірмесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы №538 «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» қаулысымен мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді. Онда негізгі орта білім туралы куәлікті немесе жалпы орта білім туралы аттестатты жоғалтып алған жағдайда мектеп бітірушілерге бұл құжаттардың телнұсқалары берілу тәртібі көрсетілген.

Былтыр аталмыш стандарт негізінде 8 адамға жалпы орта білім туралы 7, негізгі орта білім жөнінде 1 құжаттың телнұсқасы берілді. Ағымдағы жылы бұл қызмет 5 (М.Бегалиева атындағы ЖОББМ-нен 1, Жәңгір хан атындағы ЖОББМ-нен 3, М.Мәметова атындағы ЖОББМ-нен 2) адамға көрсетілді. Барлығы да білім беру ұйымымен қағаз жүзінде ұсынылды.

Айта кетелік, егер сіз білім туралы құжатыңызды жоғалтып, оның телнұсқасын алғыныз келсе, өзіңіз бітірген мектептің кеңсесіне немесе халыққа қызмет көрсету орталығына жолығуыңыз керек. Мемлекеттік қызмет тегін әрі оны жүзеге асыру үшін 3-ақ құжат қажет:

1) Құжаттың жоғалғандығы баяндалған өтініш;

2) Құжаттың (нөмірі және тіркелген күні көрсетілген) жоғалғандығы туралы баспасөз басылымнан үзінді (жариялаған күні 10 күннен аспауы керек);

3) Туу туралы куәліктің (2008 жылға дейін туылған жағдайда) немесе жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі.

Мұндай қызмет Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі №27 үйде орналасқан аудандық білім беру бөлімінде жүзеге асады. Байланыс телефондары: 8(711-40)40-0-28, 21-6-00.

 

Аяна КАРИНА,

 

аудандық білім беру бөлімінің бас маманы.