Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" 2014 жылғы 12 ақпандағы № 80 қаулыларына өзгерістер енгізілді, тақырыбы мынадай редакцияда жазылды  «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы»   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 837 қаулысымен бекітілді.

Осы қаулы негізінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша белгіленген 70 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі көтерме жәрдемақы 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін ауылымызға жұмыс істеу және тұру үшін келген 168 маманға 3329,0 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді, ал тұрғын үй сатып алуы үшін қаралған бюджеттік кредит (1500 еселік айлық есептік көрсеткіш тең сома) 72 маманға тұрғын үй алуға 156743,0 мың теңге бюджеттік несие берілді. Бұл кредит (несие) тұрақты ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 5 жылға беріледі. Сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 пайызы мөлшерінде.

Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін аудан әкімдігінде аудандық маслихат депутаттарынан, ауданның атқарушы органдарының және қоғамдық өкілдерден тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылған. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген маман әлеуметтік қолдау шараларына қол жеткізу үшін аудандық экономикалық және жоспарлау бөліміне өтінішіне қоса мынадай құжаттарды қоса тапсыру керек:

1.Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2 .Жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;

3.Тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама;

4.Білім туралы дипломның көшірмесі;

5.Жылжымайтын мүліктің бағалау актісін (бюджеттік кредит алу үшін)

Құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқа мен көшірме бірдей ұсынылады. Кейін түпнұсқалар маманға қайтарылады.

Жоғарыда айтқанымыздай, 2014 жылға Республикалық бюджеттен 36114,0 мың теңге бюджеттік  кредит 13 маманға бөлінді соның ішінен:

Білім беру саласы бойынша - 13 маманға бюджеттік кредит;

Әлеуметтік қамсыздандыру саласынан - 1 маманға бюджеттік несие берілді.

Көтерме жәрдемақы ағымдағы жылға 3329,0 мың теңге 25 маманға бөлінді соның ішінен:

Білім беру саласы бойынша - 17 маманға

Денсаулық сақтау саласы     -  5 маманға

Мәдениет және спорт саласы  - 2 маманға

Әлеуметтік қамсыздандыру саласынан - 1 маманға көтерме жәрдемақы берілді.

Бұл қолдау шаралары болашақтада жалғасын табады деген сенімдеміз.

 

 

Бөкей ордасы ауданының экономика

және қаржы бөлімінің бас маманы                       Л.Камалова