Мансап пен міндет

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы №237 «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Тіркеу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» қаулысымен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2014 жылғы 9 маусымдағы №154 «Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» қаулысына сәйкес біздің аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі де аталмыш мемлекеттік қызмет түрлерін жүзеге асыруда. Мысалы, өткен жылы 183 адамға жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы туралы анықтама берілсе, биылғы екі айда 140 адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Бір айта кетерлігі, біз тұрғындармен тікелей қатынас жасамаймыз. Жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет түрлерін, яғни, анықтама алғысы келгендер аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлігі мен жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты көшірмесін түпнұсқасымен (ол кейін қайтарылады) қоса апарып, белгіленген тәртіпте өтініш түсіреді. Ол мекеме бізге жүгініп, тапсырыс 3-7 тәулік ішінде толық орындалады. Бәрі де тегін.

Өкініштісі сол, біздің ауылдастарымыз жылжымайтын мүлік объектілеріне, тұрғын үйлеріне де құжат керектігіне мән бермейді. «Баяғыдан бері осы баспанада тұрып келеміз» немесе «Мұны өзім салып алғанмын, ешкімнің  таласы жоқ» деп жүре береді. Әр адамның, дүниеге келген сәбидің де жеке құжаты, куәлігі болуы шарт болса, жылжымайтын мүліктердің де құжаттары болуы және ол белгілі бір мекенжай бойынша тіркелуі міндетті. Осы құжаттарыңыз талапқа сай болғанда ғана біз әңгіме етіп отырған мемлекеттік қызметтерді ала аласыз.

Қобылан ЖАНҒАЛИЕВ,

аудандық сәулет, қала құрылысы

және құрылыс бөлімі басшысы.