Aitkaliev

Т.А.Ә.: Айтқалиев Ержан Жексенұлы

Лауазымы: Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл

Мекенжайы: Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, 31-үй, 302-кабинет

Телефон: 8(71140)21-130

Қабылдау кестесі: Әр айдың бірі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін

 


Әдеп  пен мемлекеттік қызметші.

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153  «Қазақстан  Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»  Жарлығымен  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі  (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілген. Бұл Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің қызметте және күнделікті өмірдегі жүріс-тұрыстарының жаңа стандартын бекітті. Соның негізінде енді мемлекеттік органдарда этика бойынша арнайы уәкілдер жұмыс істейді.  Әдеп кодексінің жаңа редакциясына сәйкес   Әдеп жөніндегі уәкіл  енгізілген. Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметші.

Енді мемлекеттік қызметшінің моральдік бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінетін болады. Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Оның ішінде қызметкер сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын алға тартпайтын және жеке басының пайдасы үшін  қолданбайтын адал, баршаға ортақ қабылданған іскери стильге сай өзін ресми түрде ұстап, сабырлы, салмақты, ұқыпты болу тапсырылған. Ал, ең бастысы, мемлекеттік қызметшілердің  жеке өміріне  байланысты талаптар тіпті күшейген. Мемлекеттік қызметкерге жалпы қабылданған этикет сақтау өте маңызды, себебі ол тікелей адаммен жұмыс жасайды және әр түрлі  адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметші болу – зор мәртебе, сондықтан мемлекеттік қызметші кәсіби біліктілікпен қатар, адамгершілік қасиеттерге де ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметке үміткер өз халқының алдындағы асқан жауапкершілікті сезіне отырып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруы қажет. Мемлекеттік қызметші өз өкілеттігімен, билігімен дұрыс қолдана білуі әрі әділ болуы керек. Ол мемлекеттік қызметте өз игілігі үшін емес, елінің береке-бірлігі үшін жұмыс істеуі, өз қалтасын мемлекеттік қаражатпен шатастырмауы, олардың аражігін ажырата білуі тиіс. Мемлекеттік қызметшінің өмір салты заң талаптарына толық сәйкес болуы шарт.

 

Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының

әдеп жөніндегі уәкілі                                                                  Е.Ж.Айтқалиев