2018 жылдың 17 қаңтары күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кенейтілген отырысы өтті. Кеңес отырысын Бөкей ордасы аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Хабденұлы Таңатов ашып, жүргізіп отырды.

Отырысқа аудан әкімі  Нұрлан Сағынтайұлы Рахымжанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерболат Қабденұлы Таңатов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме, бөлім басшылары қатысып отырды.

Күн тәртібінде «Аудан әкімінің 2017 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларын дамыту бағытында атқарған жұмыстары туралы  есебі» тыңдалды.

Аудан әкімі Н.Рахымжановтың баяндамасынан соң, қоғамдық кеңес мүшелері Т.Арыстанбеков, Е.Мукешева сөйлеп 2017 жылы аудан көлемінде газ тарту, тұрғындарды ауыз сумен қамту және тұрғын үйлер салу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғандығын атап өтті.

Қоғамдық кеңес аудан әкімі Н.Рахымжановтың есепті баяндамасын  талқылай келе, 2017 жылы аудан әкімінің басшылығымен әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларда халықтың көңілінен шығатын оң істердің   атқарылғандығын, әсіресе ауданның шалғай елді мекендеріне газ, ауыз су тартылғандығын, жалпы іске асырылып жатқан елеулі жетістіктерді атай келе, аудан әкімінің атқарған нәтижелі жұмыстарына қанағаттанарлық баға беріп, аудан аумағында алда атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстар білдірді.

Мұнан соң аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Таңатовтың, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Таңатовтың 2017 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есептері мен «Бөкей ордасы ауданының 2017 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы туралы»  аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының хабарламасы тыңдалды.

Отырыста сонымен қатар, аудандық Қоғамдық кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

 

Бөкей ордасы аудандық

Қоғамдық кеңесінің хатшысы                                              А.Ерешов

БЕКІТЕМІН

Бөкей ордасы ауданы Қоғамдық

кеңесінің төрағасы

__________________С.Х.Таңатов

«     » _______ 2018 жыл

 

р/с

Іс-шаралар атауы

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімдері

Жауапты орындаушы

І тоқсан

1

2017 жылы атқарылған жұмыс нәтижелері және 2018 жылы атқарылатын жұмыстар туралы Бөкей ордасы ауданының әкімі Н.С.Рахымжановтың есебі

Тыңдау хаттамасы

 

қаңтар

Е.Ж.Айтқалиев

2

Бөкей ордасы аудандық мәслихат хатшысының 2017 жылда атқарған жұмыстарының есебі

Тыңдау хаттамасы

 

қаңтар

Е.Қ.Таңатов

3

Бөкей ордасы аудандық қоғамдық Кеңесі төрағасының 2017 жылда атқарған жұмыстарының есебі және 2018 жылға арналған жұмыс Жоспары туралы

Тыңдау хаттамасы,

Жоспар

қаңтар

С.Х.Таңатов

4

Бөкей ордасы ауданының 2017 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы Бөкей ордасы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысының есебі

Тыңдау хаттамасы

 

қаңтар

Р.Ш.Абдуллина

5

Аудан тұрғындарын электр жарығымен қамтамасыз ету жағдайы туралы Бөкей ордасы аудандық электр жүйесі торабы бастығының есебі

Тыңдау хаттамасы, ұсыныстар

 

ақпан

С.Қ.Унаев

6

Ауданда дене шынықтыру мен спортты дамыту жұмыстарының жәйі мен міндеттері туралы

Тыңдау хаттамасы, ұсыныстар

ақпан

Ә.Қ.Айтқалиев

Д.Ф.Симилиди

7

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2017 жылы және 2018 жылдың бірінші тоқсаны бойынша атқарылған онкологиялық ауруларға қарсы күрес жұмыстарының жағдайы, ана мен бала денсаулығының  жәй-күйі және медицина ұйымдарының дәрігер кадрларымен қамтамасыз жасалуы  туралы

Тыңдау хаттамасы, ұсыныстар

 

 

 

наурыз

Ә.У.Габбас

8

Аудан бойынша елді мекендердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы

Тыңдау хаттамасы, ұсыныстар

наурыз

С.Қ.Рамазанова

9

Аудан аумағында санитариялық-экологиялық айлық өткізу туралы

Тыңдау хаттамасы,

ұсыныстар

 

наурыз

С.Қ.Рамазанова

ІІ тоқсан

10

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Бөкей ордасы аудандық бөлімшесінің аудан тұрғындарын газбен қамтамасыз етудегі 2017 жылғы және 2018 жылдың  І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы есебі

Тыңдау хаттамасы,

ұсыныстар

сәуір

Р.Кенжегалиев

11

2018 жылға мектеп бітірушілерінің сандық-сапалық құрамына және мектептердің оқытушы кадрлармен қамтамасыз жасалуына мониторинг жүргізу

Тыңдау хаттамасы

сәуір

Е.М.Иманбаев

 

12

Ауданда ветеринариялық іс-шаралардың атқарылуы және ветеринариялық бақылау, қадағалау жұмыстарының барысы туралы

Тыңдау хаттамасы, ұсыныстар

мамыр

Н.Ғ.Кұсайынов

Г.А.Алибеков

Ж.Ш.Батырханов

С.И.Сатыбалдиева

13

Жаз мезгілінде оқушылардың демалысын ұйымдастыру туралы

Тыңдау хаттамасы

мамыр

Е.М.Иманбаев

К.А.Құрмашев

14

Өрт қауіпсіздігі, соның ішінде дала өрттері мен жануларының алдын алу іс-шаралары туралы

Тыңдау хаттамасы

мамыр

Т.Х.Апакаев

15

Жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы туралы

Тыңдау хаттамасы

маусым

Е.Айтқалиев

16

Сайқын, Орда, Бисен ауылдық округтерінде бюджеттің қалыптасуы және оның атқарылуы туралы

Тыңдау хаттамасы

маусым

М.С.Аккалиев

М.И.Сисенов

С.Саматов

ІІІ тоқсан

17

Аудандық жергілікті полиция қызметінің 2018 жылдың 6 айында атқарған жұмысы туралы есебі

Тыңдау хаттамасы, ұсыныстар

шілде

И.С.Хайруллин

18

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Тыңдау хаттамасы

шілде

Д.Х.Қадырғалиев

19

Бөкей ордасы ауданының 2018 жылғы 6 айының бюджетінің орындалу барысы туралы аудандық қаржы бөлімінің есебін талқылау

Тыңдау хаттамасы

шілде

Р.Ш.Абдуллина

20

Аудандағы коммуналдық шаруашылық объектілер  мен білім, мәдениет, денсаулық ошақтарының 2018-2019 жылғы жылыту маусымына дайындығы туралы

Тыңдау хаттамасы,

ұсыныстар

тамыз

Б.Ж.Насимуллин

Е.М.Иманбаев

Ә.Қ.Айтқалиев

Ә.У.Габбас

21

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы

Тыңдау хаттамасы

тамыз

Е.Айтқалиев

22

Аудан мектептерінің  жаңа 2018-2019 оқу жылына дайындығы туралы

Тыңдау хаттамасы

тамыз

Е.М.Иманбаев

 

23

Балабақшалардың қол жетімділігін және балабақшаға орналасу процесіне мониторинг жүргізу

Тыңдау хаттамасы,

ұсыныстар

қыркүйек

Е.М.Иманбаев

Балабақша меңгерушілері

24

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторингі нәтижелері туралы есебі

Тыңдау хаттамасы

қыркүйек

Е.С.Нуркенов

25

Ауданда жастарға кәсіптік білім беру жөнінде атқарылған жұмыстар туралы

Тыңдау хаттамасы

қыркүйек

Б.С.Лукпанов

ІV тоқсан

26

«Казпочта» АҚ-ның Бөкей ордасы аудандық бөлімшесінің аудан халқына көрсетіліп жатқан қызметтерінің сапасы туралы есебі

Тыңдау хаттамасы

қазан

Ш.Қ.Хайрушева

27

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша аудан елді мекендерінің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы туралы

Тыңдау хаттамасы

қазан

Р.М.Зұлқашев

28

«Бизнестің Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының Бөкей ордасы ауданында жүзеге асырылуы туралы

Тыңдау хаттамасы

қараша

Б.М.Қарағойшин

29

2011 жылғы 11 қазандағы «Діни бірлестіктер мен діни қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының Бөкей ордасы ауданында жүзеге асырылуы туралы

Тыңдау хаттамасы, ұсыныстар

қараша

А.Ғ.Ажғалиев

30

Ауылдық елді мекендерге тұруға және жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, әлеуметтік қолдау шараларын жасау туралы Бөкей ордасы аудандық экономика және қаржы бөлімінің хабарламасы

Тыңдау хаттамасы

желтоқсан

Р.Ш.Абдуллина

31

Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалу барысы туралы Бөкей ордасы ауданы бойынша кірістер басқармасының есебі

Тыңдау хаттамасы, ұсыныстар

желтоқсан

Р.М.Гумаров

32

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау

Қорытынды

жыл бойына

Аудан әкімі және аудандық мәслихат аппараттарының басшылары

33

Қоғамдық кеңестің отырысын өткізу

Отырыс  хаттамалары

қажеттігіне қарай

С.Х.Таңатов

А.Б.Ерешов

34

Президиум отырыстарын өткізу

Отырыс шешімі

қажеттігіне қарай

С.Х.Таңатов

 

 

Бөкей ордасы ауданы

Қоғамдық кеңесінің хатшысы                                                            А.Б.Ерешов

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халықтың назарына ұсынған Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасының ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТ тарауындағы 99-шы қадамында, жергілікті жерде құрылатын ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылауды көздейді. Өздерініңге белгілі «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң 2015 жылғы 2 қарашада қабылданып 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Ол халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына азаматтардың және қоғамның кеңінен қатысуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.  Қоғамдық кеңестердің негізгі мақсаты, азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелері бойынша пікірін білдіру болып табылады.

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2016 жылдың 19 ақпандағы  № 29-4 шешімімен 25 адамнан аудандық  Қоғамдық кеңестің құрамы және Қоғамдық кеңестің ережесі бекітілген болатын. Кеңес мүшелерінің 5-і үкіметтік емес ұйым өкілдері болса, 5-і бизнестік құрылымнан, 15-і мемлекеттік органдар өкілдері. 20-ы ер адамдар, 5-і әйелдер. Сонымен қатар 7 адамнан Қоғамдық  кеңестің алқа мүшелері сайланды.

Қоғамдық кеңесті өткізу   күні, уақыты, орны

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер

Есеп беретін лауазымды адамдардың аты-жөні

Қатысушылардың саны, барлығы, с.і. қоғамдық кеңес мүшелері

1

 

 

2

 

 

3

17.01.2018ж.  сағ.10:00 аудан әкімдігінің үлкен залы

2017 жылы атқарылған жұмыс нәтижелері және 2018 жылы атқарылатын жұмыстар туралы Бөкей ордасы ауданы әкімінің есебі

 

Бөкей ордасы аудандық мәслихат хатшысының 2017 жылда атқарған жұмыстарының есебі

 

Бөкей ордасы аудандық қоғамдық Кеңесі төрағасының 2017 жылда атқарған жұмыстарының есебі және аудандық Қоғамдық кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс Жоспарын бекіту

Рахымжанов Нұрлан Сағынтайұлы -аудан әкімі

 

 

Таңатов Ерболат Қабденұлы -аудандық маслихат хатшысы

 

 

Таңатов Серік Хабденұлы -аудандық қоғамдық Кеңесі төрағасы

105/25

4

 

Бөкей ордасы ауданының 2017 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы Бөкей ордасы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысының есебі

Абдуллина Раушан Шайдукқызы- Бөкей ордасы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

 

 

Сайқын ауылы                                                                        14 желтоқсан 2017 жыл

Сағ.15:00

Өтетін орны: аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залы

 

Күн   тәртібінде   қаралатын  мәселелер:

  1. Бөкей ордасы ауданының 2017 жылға арналған бюджетінің орындалу барысы туралы

Баяндамашы: Абдуллина Раушан Шайдукқызы  - Бөкей ордасы  ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

  1. Бөкей ордасы ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы

Баяндамашы: Абдуллина Раушан Шайдукқызы  - Бөкей ордасы  ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы

  1. Аудан бюджетінің салық салу базасын ұлғайту бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы

Баяндамашы: Гумаров Радик Маратұлы - Бөкей ордасы ауданы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

  1. Бөкей ордасы ауданы бойынша Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы

Баяндамашы: Иманбаев Ержан Мақсотұлы - Бөкей ордасы ауданының  білім беру  бөлімінің басшысы

  1. Аудандық квазимемлекеттік құрылымдардың жұмысындағы есептілік пен ашықтық: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жоюдың шаралары туралы

Баяндамашылар: Иманбаев Ержан Мақсотұлы - Бөкей ордасы ауданының  білім беру  бөлімінің басшысы;

Айтқалиев Әлібек Қанатбайұлы –Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

  1. Аудандағы үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктермен аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының атқарған жұмыстары туралы есебі

Баяндамашы: Ажғалиев Асқар Ғайноллаұлы - Бөкей ордасы ауданының  ішкі саясат  бөлімінің басшысы

Шешім                                                                          Решение

 

  19 ақпан  2016 жыл  № 29-5                                                                   

Сайқын ауылы                                                                                                      село Сайхин

 

 

Бөкей ордасы аудандық Қоғамдық кеңес

туралы ережені бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер  туралы»  Заңдарына  және  Қазақстан  Республикасы   Үкіметінің 2015  жылғы  31  желтоқсандағы  «Қоғамдық  кеңес  туралы  үлгілік  ережені бекіту  туралы»  № 1194  қаулысына  сәйкес  Бөкей ордасы  аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Бөкей ордасы аудандық Қоғамдық кеңес туралы ереже бекітілсін.

2. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Бөкей ордасы  аудандық мәслихатының

2016 жылғы  19  ақпандағы № 29-5

                                                             шешiмiмен бекiтiлген

 

Қоғамдық кеңес туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қоғамдық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Қоғамдық кеңестер - Ереженің осы тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп министрліктер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылмайды.

3. Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және  Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.

4. Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.