2018 жылдың 17 қаңтары күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің кенейтілген отырысы өтті. Кеңес отырысын Бөкей ордасы аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Хабденұлы Таңатов ашып, жүргізіп отырды.

Отырысқа аудан әкімі  Нұрлан Сағынтайұлы Рахымжанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерболат Қабденұлы Таңатов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме, бөлім басшылары қатысып отырды.

Күн тәртібінде «Аудан әкімінің 2017 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларын дамыту бағытында атқарған жұмыстары туралы  есебі» тыңдалды.

Аудан әкімі Н.Рахымжановтың баяндамасынан соң, қоғамдық кеңес мүшелері Т.Арыстанбеков, Е.Мукешева сөйлеп 2017 жылы аудан көлемінде газ тарту, тұрғындарды ауыз сумен қамту және тұрғын үйлер салу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғандығын атап өтті.

Қоғамдық кеңес аудан әкімі Н.Рахымжановтың есепті баяндамасын  талқылай келе, 2017 жылы аудан әкімінің басшылығымен әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларда халықтың көңілінен шығатын оң істердің   атқарылғандығын, әсіресе ауданның шалғай елді мекендеріне газ, ауыз су тартылғандығын, жалпы іске асырылып жатқан елеулі жетістіктерді атай келе, аудан әкімінің атқарған нәтижелі жұмыстарына қанағаттанарлық баға беріп, аудан аумағында алда атқарылатын жұмыстар бойынша ұсыныстар білдірді.

Мұнан соң аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Таңатовтың, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы С.Таңатовтың 2017 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есептері мен «Бөкей ордасы ауданының 2017 жылға арналған аудандық бюджетінің орындалуы туралы»  аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының хабарламасы тыңдалды.

Отырыста сонымен қатар, аудандық Қоғамдық кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

 

Бөкей ордасы аудандық

Қоғамдық кеңесінің хатшысы                                              А.Ерешов