Сайқын ауылы                                                                                                                          09 шілде 2018 жыл

Сағат: 16:00

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залы

 

Төрағалық етуші: С.Таңатов –аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Аудандық қоғамдық кеңесінің мүшелері (тізім бойынша)

Шақырумен қатынасатындар: аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары (тізім бойынша)

Кеңес отырысының күн тәртібіне мынандай мәселелер ұсынылады:

1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №13-2 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы

Баяндамашы: Абдуллина Раушан Шайдукқызы-аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

 

2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 шілдедегі №11-3 «Бөкей ордасы  ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы

Баяндамашы: Абдуллин Чингиз Тұрарбекұлы – аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы;


3. Бөкей ордасы мәслихатының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы №14-9 «Бөкей ордасы ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы

Баяндамашы: Абдуллин Чингиз Тұрарбекұлы – аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы;

 

4. Бөкей ордасы ауданының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы

Баяндамашы: Абдуллин Чингиз Тұрарбекұлы – аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы;

 

5. Жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы туралы

Баяндамашы: Бисекенов Нурфат Нурболатұлы-аудан әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы;

 

6. Бөкей ордасы ауданы тұрғындарын газбен қамтамасыз етудегі 2017 жылғы және 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы

Баяндамашы: Кенжегалиев Рахымжан-«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Орал МГҚБ» филиалы ГТШ Жәнібек аудандық газ шаруашылығының ГЖПжЖ қызметінің шебері;

 

7. Ауданда ветеринариялық іс-шаралардың атқарылуы және ветеринариялық бақылау, қадағалау жұмыстарының барысы туралы

Баяндамашылар:Құсайынов Нұрхайыр Ғайноллаұлы-аудандық ветеринария бөлімінің басшысы;

Алибеков Гадилбек Алибекұлы- ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы;

8. Сайқын, Орда ауылдық округтерінде бюджеттің қалыптасуы және оның атқарылуы туралы

Баяндамашылар: Аккалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы-Сайқын ауылдық округінің әкімі;

Сисенов Медет Исаұлы- Орда ауылдық округінің әкімі;