Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске
асырылуын мониторингтеу және
нәтижелерін бағалау
қағидаларына 1-қосымша

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2019 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1

Бөкей ордасы ауданында жастар саясатын іске асыру қызметі

4765,0

«Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

 Бөкей ордасы ауданының жастары

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, әр-түрлі қоғамдық шараларға белсене араластыру. Салауатты өмір салтын насихаттау және діни сауаттығын арттыру.

2

Бөкей ордасы ауданында әйелдер саясатын іске асыру

600,0

«Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

Бөкей ордасы ауданының әйелдер қауымы, аналар

Отбасылық мәселелерді шешу және әлеуметтік көмек көрсету. Мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыру.

3

Мұқтаж мүгедектерді қамтамасыз етуге міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және арнайы тіл қызметіне,жеке көмекшілермен мүгедектерді оңалту бағдарламасының жеке көмекшілерімен ұсыну қызметі

5372,0

«Бөкей ордасы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімі» ММ

Бөкей ордасы ауданының мүмкіндігі шектеулі жандары

Мүмкіндігі шектеулі жандарды арнайы құралдармен қамтамасыз ету, тиісті әлеуметтік көмектер мен медициникалық көмек көрсету.

4

Бөкей ордасы ауданы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шараларды іске асыру қызметі

2000,0

«Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

Бөкей ордасы ауданының тұрғындары

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шаралар ұйымдастыру, аудан тұрғындарын рухани саналарын жаңғырту, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеу

5

Бөкей ордасы ауданында этномәдени бірлестіктердің қызметін іске асыру

150,0

«Бөкей ордасы ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

Бөкей ордасы ауданының әртүрлі этнос ұлты халықтары

Қазақстан Республикасы Ассамблеясы аясындағы шаралар ұйымдастыру этномәдени бірлестіктермен қоғамдық жұмыс жүргізу

 

2018  жылғы « 27 » желтоқсан жағдайы бойынша 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша тіркелген үкіметтік емес ұйымдар тізімі

1. «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігі - төрағасы Жоламанов М.Д.

2. «Нарын ұландары» жастар қоғамдық бірлестігі

3. «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігі – төрайымы Бисекенова Г.И.

4. «Луч добра» славяндық этномәдени қоғамдық бірлестігі – төрағасы Семилиди Д.Ф.

5. «Шапағат-нұры» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы қоғамдық бірлестігі – төрайымы Омарова Н.Ж.

6. «Ардагерлер ұйымы» Батыс Қазақстан облысы бойынша Бөкей ордасы аудандық филиалының төрағасы – Машутов И.

7. Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамының қоғамдық бірлестігінің Бөкей ордасы аудандық филиалының төрағасы – Кошаев М.А.

Конкурс «Нұр Отан» партиясы және Агенттігі арасындағы бірлескен жоспардың шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған.

Конкурстың мақсаттары:

-  Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты дәріптеу;

-  азаматтардың назарларын қазіргі заманғы қоғамдағы жемқорлыққа қарсы проблемаларға аудару.

 Жұмыс тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің әр-түрлі бағыттарын, жемқорлыққа қарсы алдын алудың түрлі тәсілдерін, жемқорлық көріністерінің пайда болу себептері мен салдарларын талдауды, жемқорлықты қабылданбайтындай ететін өмірдің жалпы жұрттық моральдық қағидаларын дәріптеуді қамтуы тиіс. Жемқорлықтың пайда болуының тарихи аспектілерін талдау, халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, жемқорлыққа қарсы күрестің тәсілдері, сонымен қатар жұмыс авторының қоғамдағы жемқорлық көріністеріне төзбеу атмосферасын жасауға бағытталған азаматтық ұстанымы туралы ақпарат, жемқорлықты жоюдағы конструкциялық ұсыныстар құпталады.

Конкурсқа жасы 18-ге толған азаматтар, жастар ұйымдары, творчестволық ұжымдар және креативті студиялар қатыса алады.

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

а) конкурсқа қатысу үшін берілген тақырыпқа сай видеоролик дайындау қажет;

б) Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар төмендегідей талаптарға сай келуі тиіс: жұмыстың мазмұны, сюжеті, сахналық тұлғалардың және кейіпкерлердің әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтіндей болуы керек;

в) конкурсқа ұсынылатын жұмыстарда күмәнді мәліметтерді пайдалануға тиым салынады;

г) басқа біреудің видеографикалық материалдарын, мәтіндерін, дизайнның идеяларын толық немесе ішінара пайдалануға тиым салынады. Көріністер әдепті болуы тиісті, әдепсіз лексика мен ымдар, зорлық-зомбылық көріністері болмауы тиісті, сонымен қатар ұлтаралық және діни қайшылықтарды қоздырмауы керек. 

д) дыбыстық немесе дыбыссыз  көріністердің, видеолардың тізбегі 45 секундтан ұзақ болмауы керек.

Конкурсқа қатысу үшін формаға сәйкес өтініш берілу керек (қосымша).

Өтінішке мыналар қоса тіркеледі:

а) автордың тегі, аты, әкесінің аты және контакт ақапарттары көрсетілген конкурстық жұмыстың қысқаша мазмұны;

б) конкурстық жұмыс AVI, FLV форматындағы CD/DVD дискілерінде ұсынылады немесе электронды адреске жолданады (хронометраж 45 секундтан ұзақ болмауы керек).

Конкурстық жұмыстар 2018 жылдың 20 қазанына дейін  «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалына (Орал қ., Ж.Молдағалиев к., 19 үй, 306 қызметтік бөлме, жұмыс тел. 8 711 224 2666, ұялы тел. 8 778 097 6709, 8 777 478 7321) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбындағы видеоролик байқауына» белгісімен немесе өтініштің сканерленген нұсқасы, видеоролик, конкурстық жұмыстың қысқаша мазмұны Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды адресіне жолданады.

Конкурсқа жолданған құжаттар қайтарылмайды және сын-пікірлер жазылмайды.

Конкурсқа жолданатын жұмыстардың және өтініштердің саны шектелмейді.

Конкурстық жұмыстарды бағалауда төмендегілер ескеріледі:

- жаңашылдық;

- жұмыстың тақырыпқа сай болуы;

- автордың тақырыпты ашып көрсетудегі дәлелділігі;

- творчестволық шешімнің кәсибилігі, қолданылған жарнамалық, әлеуметтік әдіс-тәселдер мен технологиялардың аудиторияға әсер етуінің тиімділігі;

- конкурстық жұмыстың әлеуметтік мәнділігі, позитивтілігі, креативтілігі;

- жұмысты орындаудағы стилінің дәлдігі мен мақсаттылығы.

Конкурс жеңімпаздары комиссияның тапсырылған жұмыстарды бағалаудың қорытындысы бойынша анықталады.

Конкурс жеңімпаздары туралы ақпарат комиссия отырысының хаттамасы қол қойылған күннен 10 күн өткен соң партияның www.nurotan.kz сайтында жарияланады.

Ақпараттық қолдауды Байқау ұйымдастырушылары қамтамасыз етеді.

Қосымша

ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІШІ

Т.А.Ә. немесе ұйымның атауы  
Туылған датасы  
Тұрғылықты мекен-жайы, телефон, е-mail.  
Жұмыс орны (лауазымы) немесе оқу орнының атауы (курс)  

Байқаудың шарттарымен таныстым және келісемін. Автор ретінде конкурстық жұмысымды интернет желісінде, теле-, радиобағдарламаларда және сыртқы жарнамаларда, сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағында коммерциялық емес бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде   ақысыз жариялауға қарсы емеспін.

 

 

___________________________ қолы, күні

2018 жылы білім саласына жергілікті бюджеттен 1 млрд 465 млн 731 мың теңге бөлініп, игерілуде.

Білім беру мекемелерінің ғимараттарының күрделі жөндеуі жыл сайын жүргізіліп келеді. Соңғы 5 жыл ішінде 18 мектептің 6-ы күрделі жөндеуден өтті.

2018 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына енгізу үшін М.Маметова және М.Бегалиева атындағы орта мектептері мен аудандық балалар туризмі және экология орталығына жергілікті бюджеттен бөлінген 9 млн 846 мың теңгеге ЖСҚ (жобалық сметалық құжат) жасалып, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Барлық мектептерге және жатақханаларға жәй жөндеу жұмыстары жүргізілді (10 млн 627 мың теңгеге).

1 млн теңгеге Т.Масин атындағы ЖОББМ, Ш.Жексенбаев ат. ЖОББ мектеп-бөбекжайына және білім беру бөліміне бейнебақылаулар жүйесі алынып орнатылды.

5 млн 060 мың теңгеге аудандық балалар техникалық-шығармашылық орталығына ауласын қоршауға және авто, авиа, картингодром жасақтауға бөлініп отыр.

М.Мәметова атындағы ЖОББМ-не жатақхана құрылысына 309 млн 851 мың 793 теңге қаралып, «Альфа Сервис Строй» компаниясы ұтып алып (Орал қаласы), құрылыс жұмыстары басталып кетті. 5 млн жергілікті бюджетте, облыстан 46 млн 891 мың теңге бөлінген.

Сонымен қатар, 2018 жылы З.Жиеналиев және Жамбыл бастауыш мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарлануда. Жамбыл мектебіне 50 млн 278 мың 31 тенгеге, З.Жиеналиев мектебіне 52 млн 762 мың 76 теңгеге сметалық құжаттар жасақталды.

Сонымен қатар, биылғы жылы мектептерге оқулықтар алуға 49 млн 765 мың теңге бөлінді.

2018 жылға 2 мектепке базалық жиынтық пен 3D принтерлер алуға 6 млн қарастырылып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу

дегеніміз - бұл мемлекетте тұрақтылықты

қамтамасыз етудің қажетті шарты деп

айтқан екен кезінде Арестотель ғұлама.

 

«Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе – бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру». Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік  құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ».

Коррупция, феномен сыяқты адамдарға баяғы заманан бері таныс. Бұл ең ескі болмасадағы, жас емес социалдық шындықтың көрінісі. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Тарихшылардың айтқанына таянсақ, адамзат атам заманнан бері  бұл жаман көрініспен  күресіп келеді. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық. 

Сыбайлас жемқорлықпен күресу елі­міздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасі­рет болып табылатын ол саяси даму тұрғы­сынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар­лық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын. Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқасымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық   көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. Осы заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық, деп анықталған. Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп жүр.  Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің  мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Қазақстан - бұрынғы кеңес Одағы аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданылатын заң қабылдап, осы мәселе жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылған алғашқы мемлекеттердің бірі болып отыр.

Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз», - деп атап көрсеткен. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен техникалық реттеу және метрология комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері де жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды. Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылады. Оларға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ  екенін түсінгені абзал.

 

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің

Бөлім басшысы  - Әдеп жөніндегі уәкілі    Жанақын Тыгынбаев

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Астана - 2016

Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдары

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметтің өзіндік ерекшелігі мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне ерекше талап қояды. Іскерлік адамның сыртқы келбеті – жетістікке жеткізудің бірінші қадамы, қоғам үшін мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті, сыпайылықтың дәрежесін куәландыратын «код»  болып саналады.

Іскерлік стиль – кертартпалық, қатаңдық және ұстамдылықпен ерекшеленеді. Бұл тігінді таңдауға – түстерге, пішімге, сол сияқты аксесуарларға да қатысты. Барлығы айқын және анықталған болуы тиіс – формасы, сызығы және силуэт. Киім қызметкердің іскерлік сапасынан назарды бұрмауы қажет.

Іскерлік стильдің басты қағидалары:

-  минималдылық;

-  бөлінбеушілік шеберлігі;

-   іскерлік ахуалдың кез келген жерінде үйлесімді көріне білуі – жұмыс уақытында офисте, конференц-залдағы байсалды келіссөздерде және т.б.

Киімге қойылатын негізгі талаптар – ұқыптылық, мұнтаздылық, жайлылық және сыртқы бейнеге шамданудың болмауы. Киімдер көлем бойынша ерекшеленуі мүмкін, яғни іс-қимылға кедергі жасамауы тиіс, сондай-ақ байсалды көрінуі қажет. Жыл мезгілдеріне байланысты киімдер  байсалдылық пен сырбаздық талаптарын  сақтай отырып түсі мен тігіні әр түрлі болуы мүмкін.

Киімдердің түстері классикалық стилге сәйкес келуі тиіс, тым ашық шұбар түстілер қолдануға болмайды. Костюм мен көйлекке сәйкес келетін түстер - ашық немесе қоңыр түстер. Киімге үш негізгі түстен көп түстілерді бірдей қолдану ұсынылмайды.

Мемлекеттік қызметшілердің киімінде жұлынған немесе жартылай жұлынған түймелердің болуына, қыртысталған костюм, ескірген жейде, дұрыс тағылмаған галстук, тазаланбаған аяқ киім, спорттық немесе пляждық стилдегі киім және аяқ киімдер, шолақ шалбарлар, ашық сарафандар, теннискалар, спорттық жемпірлер, кроссовкаларды киюге жол берілмейді. 

Қысқы мезгілдерде ауыстырмалы аяқ киімдерді қолдану ұсынылады.

Мемлекеттік қызметшінің аяқ киімі барлық уақытта да таза жүретін классикалық стильдегі туфли  (әшекейсіз)  болғаны дұрыс.

Іскерлік стиль шалбар мен пиджактан тұратын немесе белдемше мен пиджактан тұратын костюмды, пиджак, жилетка, шалбар немесе  белдемшеден тұратын тройка костюмды шамалайды.

Классикалық гардеробтың сұрыптамасы әр түрлі. Әйелдің киіміне пальто, көйлек, жакет, кардиган, жилет, белдемше мен шалбар, сондай-ақ нымшалар жатады. Ерлер киімінің ассортиментіне көйлек, классикалық стильдегі шалбар, пиджак, жилет, костюм және т.б. жатады.  Осы заттардың барлығының үйлесімділігі жан-жақты, алайда, классикалық стильге апару үшін әр затқа ерекше талаптар қойылады.

Мемлекеттік қызметшілерге – әйелдерге іш кимідері көрінетін ашық нымшалар, кең ойылған көйлек, қысқа белдемшелер, дене пішінін тартып тұратын шалбарлар кию ұсынылмайды.

Іскерлік классикалық үлгідегі киімдерге қарапайым және шынайылыққа жақын макияждар сәйкес келеді, ол назар салмауы және көзге түспеуі тиіс. Еріндік далаптан шынайылыққа жақын түстері сәйкес келеді және тым ашық түстілерге жол берілмейді. Іскерлік стильдегі маникюрлерге кез келген түстер сәйкес келеді, ең бастысы түрі тым ашық немесе көзге түсетіндей болмауы тиіс, шаш түстері табиғи түске жақын болуы тиіс.

  Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімдері барынша аз аксесуарларды қалайды және киімнің қатаңдатылған, ұқыпталған және барынша азайтылған әрлеуден тұрады.

Сонымен қатар, аталған талаптар ұсыным ретінде жасалған және соңғы шешімді мемлекеттік қызметшінің өзі Әдеп кодексінің талаптарына сай қабылдауы тиіс.