План развития села Саралжин Саралжинского сельского округа Бокейординского района Западно-Казахстанской области на 2018 год (pdf, 833 Kb)


Ауылдық округ  ауданның оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан,  территориясы - 166,8  мың га.  01.04.2018 ж. күніне халық саны - 1101 адам,  аула саны -  281.  Ауылдық округ батыс жағынан Ұялы ауылдық округімен, оңтүстікте - Ұялы ауылдық округімен, солтүстікте -  Казталов ауданымен, шығысынан - Жаңақала ауданымен шекараласады.  Округ орталығы - Саралжын  ауылы, аудан орталығынан 200  шақырым қашықтықта.  Ауылдық округте 2 елді мекен бар (Саралжын , Бескөл).

Ауылдық округ  әкімі - Сабыров Нүркен Қайроллаұлы, осы лауазымда 2015 жылдың 17 шілдесінен бастап қызмет етеді. Білімі - жоғары, мамандығы - қазақ тілі мен әдебиеті. 

Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы.   01.04.2018 ж.  мал басы: ірі қара - 5412, қой мен ешкі - 16 620, түйе - 5,  жылқы - 2262.

Шаруа қожалықтары саны - 21, жеке кәсіпкерлер - 5. 

Округте 1 дәрігерлік амбулатория,  Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы, 1 ауылдық мәдениет үйі, 2 кітапхана жұмыс істейді.