План развития Темир Масинского сельского округа Бокейординского района Западно-Казахстанский области на 2018 год (zip, 354 Kb)
Ауылдық округ ауданның оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан, территориясы - 300,3 мың га. 01.04.2018 ж. күніне халық саны - 1511 адам, аула саны - 260. Ауылдық округ батыс жағынан Бисен ауылдық округімен, оңтүстікте - Атырау облысының Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылымен, солтүстік-шығысынан - Ұялы ауылдық округімен шекараласады. Округ орталығы - Бөрлі ауылы, аудан орталығынан 140 шақырым қашықтықта. Ауылдық округте 2 елді мекен бар (Бөрлі, Тереңқұдық).
Ауылдық округ әкімі - Қитанов Меңдібай, осы лауазымда 2001 жылдың 1 тамызынан қызмет етеді. Білімі - жоғары, мамандығы - құқықтану.
Округтің аумағында «Нарын құмының» құмды өңірлері орналасқан. Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. 01.01.2018 ж. мал басы: ірі қара - 11 720, қой - 13 721, ешкі - 4172, жылқы - 4608, түйе - 206, құс - 100.
Шаруа қожалықтар саны - 52, жеке кәсіпкерлер - 11.
Округте 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 медициналық пункт, М.Бегалиева атындағы орта мектеп, 1 ауылдық мәдениет үйі, 1 кітапхана, «Қазпочта» АҚ-ң Бөкей ордасы аудандық пошта байланыс торабының бөлімшесі жұмыс істейді.