План развития села Хан ордасы Урдинского сельского округа Бокейординского района Западно - Казахстанской области на 2018 год (zip, 156 Kb)
Ауылдық округ ауданның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, территориясы - 328,0 мың га. 01.04.2018 ж. күніне халық саны - 3107 адам, аула саны - 725. Ауылдық округ батыс жағынан Сайқын ауылдық округімен, оңтүстікте - Атырау облысы Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылымен, шығыста - Бисен ауылдық округімен, солтүстікте - Мұратсай ауылдық округімен шекараласады. Округ орталығы - Хан ордасы ауылы, аудан орталығынан 55 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылдық округте 5 елді мекен бар (Хан ордасы, Қарасу, Үштерек, Сейтқали, Макар).
Ауылдық округ әкімі – Сисенов Медет Исаұлы, осы лауазымда 2016 жылдың 15 қарашасынан бастап қызмет етеді. Білімі - жоғары, мамандығы – бухгалтерлік есеп және аудит.
Тұрғындардың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. 01.04.2018 ж. мал басы: ірі қара - 18 909, қой мен ешкі - 12 235, түйе - 717, жылқы - 6153.
Шаруа қожалықтар саны - 115, жеке кәсіпкерлер - 35.
Округте 1 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 3 медициналық пункт, Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп, 3 бастауыш мектеп, 1 ауылдық мәдениет үйі, 1 клуб, 4 кітапхана жұмыс істейді. Сонымен қатар Орда тарихи-мұражай кешені, Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі бар.