2018 жылдың 3 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы туралы брифинг өткізді.

Департамент басшысы Агенттіктің бастамасымен «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы іске қосылғандығын атап өтті.

Жобаның мақсаты – жалпы қоғамды құқықбұзушылықты бірлесіп жоюға шақыру және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.

Қазіргі таңда азаматтардың басым көпшілігі әлеуметтік желілерді пайдаланады. Олар  Facebook, Instagram, ВКонтакте және тағы басқалары. Біз осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз.

Б.Ә.Исақов қолда бар мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалана отырып, қоғамдық бақылау картасы үш негізгі жеке форматтарда жүзеге асырылатындығын айтты:

Бірінші – қоғамдық бақылау картасын белгілі әлеуметтік желілер және колл-орталық арқылы;

Екінші - қоғамдық бақылау картасын азаматтарға арналған Qamqor мобильді қосымшасы арқылы;

Үшінші – қоғамдық бақылау картасын өңірлерде құрылған арнайы мониторингтік топтары арқылы.

Бірінші, қоғамдық бақылау картасын қалыптастырудың қарапайым және жеңіл жолы әлеуметтік желілер мен телефон байланысын пайдалану болып табылады.

Бүгінгі күні Агенттіктің аумақтық департаменттерінің әлеуметтік желілерде өздерінің парақшалары бар.

Арнайы телефон нөмірлері белгіленіп, белгілі Facebook, Вконтакте, Инстаграм әлеуметтік желілерінде арнайы парақшалар, WhatsApp, Телеграм мессенджерлері және 1424 арнайы колл-орталығы құрылған.

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасын іске асырудың келесі форматы «Qamqor» мобильді қосымшасын енгізу болып табылады.Ол Бас прокуратураның Статистика және арнайы есепке алу комитетімен дайындалған.

Мобильді қосымшасы арқылы кез-келген азамат мүдделі органдарға кез-келген құқықбұзушылықтар туралы фотосуреттерді жіберуге мүмкіндігі бар.

Үшіншіден, қоғамдық бақылау картасы өңірлерде құрылған арнайы мониторигтік топтары арқылы жүзеге асырылады.

Агенттіктің тапсырмасына орай, барлық облыстық  маңызы бар қалаларда, аудан орталықтарында өңірлік арнайы мониторингтік топтары құрылды.

Аталған арнайы мониторингтік топ құрамына барлық ауылдық округтердің белгілі және белсенді өкілдері енгізілген.

Сілтеме:

http://zko.kyzmet.gov.kz/kk/news/kogamdyk-bakylau-kartasyzhobasy-turaly-brifing