2018 жылдың 23 ақпанда Орал қаласы, облыстық мәслихаттың кіші мәжіліс залында «ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтарының 2017 жыл ішінде атқарған жұмыс қорытындылары және ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар бойынша жиналыс өтті.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б. Исақов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Ж.Абдрахманов, Жәнібек аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Әліпқалиев, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен аппарат басшылары, облыстық және аудандық мобильді топ мүшелері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді Жоспар және «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді топтарының өткен жылға атқарған жұмыс қорытындылары және үстіміздегі жылға жоспарланған жұмыстары туралы», «Зеленов ауданында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының жұмыстары туралы» және «Ақжайық ауданында «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының және «Есіктен есікке» жобасы аясында атқарылған жұмыстары туралы» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды.

Шара қатысушылары өз ұсыныс-пікірлерімен алмасып, ағымдағы жылға нақты тапсырмалар берілді.

Сілтеме:

http://zko.kyzmet.gov.kz/kk/news/parasyz-bolashakka-birgeuranymen-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-mobildi-toptarynyn-2017-zhyl